ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ II ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ФОРУМЫ – 15-16 мамыр, Астана

Орталық Азияның II эндоскопиялық форумы

Іс-шара аяқталды.
Қатысқаныңыз үшін рахмет!

Сертификаттар сіздің жеке кабинетіңізде қолжетімді

15-16

мамыр 2025

Іс-шара аяқталды.
Қатысқаныңыз үшін рахмет!

Сертификаттар сіздің жеке кабинетіңізде қолжетімді

Radisson Hotel Astana,
Сарыарқа даңғылы 4, Сарыарқа 1 зал

қалай болды Форум:

15–16 мамыр күндері Астанада Орталық Азияның Екінші Эндоскопиялық форумы өтті. Бұл шара өңірдегі эндоскопия саласының өзекті мәселелері мен даму мүмкіндіктеріне арналды. Форумға әртүрлі медициналық салалардың мамандары – эндоскопистер, гастроэнтерологтар, хирургтар, онкологтар және эндоскопиялық мейірбикелер қатысты. Форумды «Қазақ Эндоскопиялық Қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен «Ұлттық Ғылыми Онкология Орталығы» ЖШС ұйымдастырды.

Іс-шара екі алаңда өтті: Radisson қонақ үйінде (Сарыарқа даңғылы, 4) және Ұлттық Ғылыми Онкология Орталығында (Керей, Жәнібек хандар көшесі, 3/2). Форум аясында эндоскопиялық жабдықтар мен құралдардың ауқымды көрмесі ұйымдастырылды. 540 шаршы метр аумақта 19 жетекші өндіруші мен дистрибьютор компания өз өнімдерін ұсынды.

Форумның бірінші күні дәрістік бөлімге арналды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, Беларусь, Украина, Моңғолия, Ресей, Оңтүстік Корея және Жапониядан келген спикерлер баяндама жасады. Жалпы 380 қатысушы офлайн түрде қатысып, тағы 359 маман Сауд Арабиясынан бастап Жапонияға дейінгі елдерден онлайн қосылды. Үлкен залда жоғарғы және төменгі асқазан-ішек жолдарының патологиялары мен гастродуоденал аймаққа қатысты секциялар өтті. Кіші залда бронхология, балалар эндоскопиясы және жалпы эндоскопиялық мәселелер бойынша жеке сессиялар ұйымдастырылды.

Форумның екінші күні практикалық бөлімге арналды. Эндоскопиялық операциялар нақты шақ режимінде конференц-залға және онлайн платформаға тікелей трансляция арқылы көрсетілді. Офлайн қатысқан мамандар саны – 120, ал онлайн қатысушылар – 47 адам. Барлығы алты операция жасалды. Барлық пациенттер портал арқылы жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылып, әкімшілік квоталар пайдаланылған жоқ.

Бірінші операциялық бөлмеде кардия ахалазиясында пероральды пневмодилятация және тік ішектің латералды өспелі түзілісіне эндоскопиялық шырышасты диссекция жасалды. Екінші операциялық бөлмеде бауыр трансплантациясынан кейінгі билиарлы стриктуралары бар үш пациентке бір реттік заманауи холангиоскоптарды (Boston Scientific, Vedkang, Micro-Tech) пайдалана отырып холангиоскопия жасалды. Барлық пациенттерге сәтті түрде пластикалық стенттер орнатылды. Отадан кейінгі кезеңде ешқандай асқынулар тіркелмеді, науқастар қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылып, тұрғылықты мекен-жайы бойынша динамикалық бақылауға жіберілді.

Сондай-ақ, форумның екінші күні тәжірибелік машықтарды дамытуға арналған «hands-on» аймағы ұйымдастырылды. Мұнда қатысушылар стент қою, лигирование, клип салу және басқа да манипуляцияларды тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен орындады.

Бұл форум Орталық Азиядағы эндоскопия саласындағы кәсіби тәжірибе алмасуға, жаңа технологияларды енгізуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.

 

Ең алдымен, біз неге эндоскопиялық форумды гастроэнтерологтар мен хирургтар сьездерінің конференцияларынан бөлек өткізуді шешкенімізді түсіндіргіміз келеді, өйткені Орталық Азия гастроэнтерологиялық апталығы мен хирургтардың сьездерінің аясында эндоскопия мәселелері мен эндоскопияның жетістіктеріне тиісті көңіл бөлінбейді. Қазақстанда Эндоскопия соңғы 5 жылда эндоскопистер қоғамының құрамындағы энтузиастар мен пікірлестердің күштері есебінен ғана үлкен қадамдармен дамуда.

Біз өз жетістіктерімізді жұртшылықпен бөлісе алатын, жақын және алыс шетелдерден әріптестерімізді тәжірибе алмасуға және өзекті мәселелерді талқылауға шақыратын кез келді. Форумның барлық қатысушыларына өз білімдерін жаңартуды, операцияларды бақылаудан ләззат алуды, сондай-ақ форум аясында сарапшылармен бетпе-бет сөйлесу мүмкіндігін жіберіп алмауды тілеймін.

Қазақ эндоскопиялық қоғамының
PhD докторы, Батырбеков К. У.

Қатысушылар

эндоскопиялық дәрігерлер

гастроэнтерологтар

хирургтар

Онкологтар

эндоскопиялық медбикелер

Генеральные спонсоры

Главные спонсоры

Спонсоры

Қазақ эндоскопиялық қоғамы" ҚБ 2016 жылы Қазақстан Республикасының эндоскопист-дәрігерлерінің мүдделерін қорғау үшін, республикамыздың барлық өңірлерінде "қауіпсіз және сенімді эндоскопияны" дамыту үшін, көрсетілетін эндоскопиялық қызметтердің сапасын арттыру үшін, халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар өткізу үшін , сондай-ақ эндоскопиядағы жас мамандарды қолдау үшін құрылды. Біздің кәсіби қоғамымыздың тағы бір мақсаты-жақын және алыс шет елдердің эндоскопистері мен гастроэнтерологтарының кәсіби қоғамдарымен тең және достық қарым-қатынас орнату.

Осы мақсаттарды ескере отырып, қазақ эндоскопиялық қоғамы диагностикалық және жедел эндоскопия бойынша өңірлік шеберлік мастер-класстарды өткізуде қатысады, оқу құралдар мен практикалық нұсқаулықтарын шығаруды қаржыландырады, сондай-ақ алыс шетелдің жетекші эндоскопия орталықтарында жас мамандарға тағылымдамадан өтуге көмектеседі. Біздің қоғамның бір амбициялық мақсаты - Орталық Азияда дамыған және сапалы эндоскопияның орталығы болуға ұмтылу, ал бұл өз кезегінде қазақ мамандарының қолынан келеді.